Ақылды қалалардың негізгі ерекшелегі және сипаты

10 Қараша 2022, 11:37 8209

Smart City қандай қалаларды жатқызамыз?

Төртінші өнеркәсіптік революцияның негізгі модераторы «ақылды қалалар» саналады. Осы бағыттағы бастамаларды Астана қаласының цифрландыру және мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы Мейрамбек Әшірбековтен сұрадық.

 Ақылды қаланың негізгі ерекшелегі неде? Smart City қандай қалаларды жатқызамыз?

«Ақылды қала тұжырымдамасы кең таралды. Бұл концепция бойынша әлемнің 2500 қаласы дамудың жаңа жолына түсті. Әлемдік тәжірибеде ақылды қалаларды құрудың екі негізгі тәсілі бар. Олар: ақылды қаланы жаңадан құру және қалыптасқан қалалық жүйеге ақылды технологияларды кезең-кезеңімен енгізу жатады. Біріншісіне, Масдар сити (БАӘ), Нью Сонгдо (Оңтүстік Корея), Тяньцзинь (ҚХР) жатқызуға болса, екіншісіне, Амстердам (Нидерланды), Лондон (Ұлыбритания), Стокгольм (Швеция), Фуджисава (Жапония) және тағы басқасын қосуға болады» – деп жауап берді басқарма басшысы.

Вена технологиялық университетінің Аймақтық ғылым орталығы (2007) жүргізген зерттеуге сәйкес, «ақылды қала» дамудың келесі бағытын қамтуы тиіс:

– ақылды орта (табиғи ресурстар);

– ақылды адамдар (әлеуметтік және адами капитал);

– ақылды өмір салты (өмір сапасы);

– ақылды экономика (бәсекеге қабілеттілік);

– ақылды ұтқырлық (көлік және АКТ);

– ақылды басқару (азаматтардың қатысуы).

Осыған сүйеніп әлемнің жетекші мегаполистерінде ақылды қала технологиясын енгізуге басымдық беріледі. Бұған сына технологияны жатқызуға болады:

– тұрақта қалған көліктер санын тіркейтін және бос орындардың қай жерде бар екендігі туралы мәліметтерді қолданбаға жіберетін сингапурлық смарт тұрақтардың желісі;

– Нью-Йорк көшелерін интеллектуалды жарықтандыру және жол қозғалысын басқарудағы смарт технологиялар, арнайы сенсорлармен жабдықталған BigBelly смарт қоқыс жәшіктері және олар үшін қоқыс таситын көлікті жіберу уақыты келгенде хабардар ету;

– суды ақылды суару жүйесі, Барселонадағы ауа сапасы мен қалалық шу деңгейін бақылауға арналған сенсорлар желісі;

– Dubai Polis мобильді қосымшасы, ол арқылы азаматтар айыппұл төлеп, заң бұзушылықтар туралы хабарлай алады;

– Копенгагендегі қалалық деректер алмасу базасы және тағы басқалары.

Ел орталығы – Астанада «ақылды қаланың» қандай элементті барын қызық. Бұл сұрақты Мейрамбек Әшірбековке қойдық.

«2017 жылы Қазақстанда «Smart city» тұжырымдамасы әзірленді. Үйден шыққан астаналық азамат Astra Bus мобильді қосымшасы арқылы жұмысқа немесе басқа жерге баратын бағытын алдын ала жоспарлай алады. Көліктерге орнатылған GPS трекерлерінің арқасында автобустың қозғалысын және олардың бағытын бақылауға болады. Осындай технологиялар төтенше жағдайлар қызметінің арнайы көліктеріне де енгізілді. Бұл мұқтаж адамдарға ең жылдам және қауіпсіз жолды құруға мүмкіндік береді.

Ақылды қаланың басты критерийлерінің бірі – тұрғындар мен билік арасындағы байланысты арттыру. Соның жарқын мысалы, iKomek 109 байланыс орталығы», – деді ол.

Шынында елордадан ақылды қаланың элементтерін көруге болады. Мәселен, iQala порталы арқылы жүздеген қызмет түрлерін үйден шықпай-ақ алуға болаы.

Денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы қызметті оңтайландыру ақылды қала тұжырымдамасы жұмысының басым бағытының бірі екені анық. Әрбір тұрғынның өзінің онлайн медициналық картасы бар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылады, сонымен қатар қашықтан кеңес ала алады. «Ақылды қалалардың» бұл артықшылықтары ұлттық деңгейге дейін кеңейді.

Ал елордалық мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары бір порталда үлгерімін қадағалап, мұғаліммен тілдесіп, онлайн сабағын бақылап, үй тапсырмасын жүктей алады. Бұл процесс еліміздің өзге өңірлеріне ортақ.

Басқарма басшысының сөзінше, қауіпсіздік пен жайлылық «ақылды қаланы» дамытудың негізгі критерийі. Жол қозғалысы ерекше атауға болады. Мұнда жол қозғалысын бақылайтын «Сергек» бейнебақылау жүйесі мен қоғамдық көліктің қозғалысын көрсететін мобильді қосымша мен арнайы мониторларды ерекше атауға болады. Қаланың қауіпсіздігін арттыратын 13 мыңнан аса бейне бақылау камерасы орнатылды. Нәтижесінде қала қауіпсіздігі артты.

«Көлік қозғалысын бақылайтын камералар мен «Сергекті» орнатудың салдарынан жол-көлік оқиғасының саны 36 пайызға төмендегенін, өлім-жітім 50 пайызға дейін, ал жарақат алу деңгейі 24 пайызға дейін төмендегенін байқауға болады. Сондай-ақ қоғамдық орындардағы қылмыс деңгейінің 71 пайызға дейін төмендегенін атап өткім келеді», – деді басқарма басшысы.

Жобаны жүзеге асыру көлік жүргізу мәдениетін арттыруға, қалалық көлікті басқару сапасын арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтарға жедел көмек көрсету бойынша полиция қызметінің тиімділігіне әсер етеді.

«Ақылды қаланың» басты артықшылығы ыңғайлылығында, энергияны, уақытты, қаржыны үнемдеу мақсатында автоматтандыру процесін жеңілдету.

Ақылды қала – бұл жайлы, қауіпсіз және өмір сүруге оңай жер. Барлық процестер бақыланады, оңтайландырылады, нәтижесінде адам және жалпы қоғам ең жақсы нәтижеге қол жеткізеді.

Smart City – ресурстарды ұтымды және дұрыс жұмсайтын үнемді мегаполис. Ақылды қала стандарттарының басты артықшылығы – қаланың барлық процестерін басқарудың принципті жаңа мүмкіндіктері бар зияткерлік кеңістікке айналуы.

 «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмыстар аяқталды. Бұл бағдарламада «Smart city» бастамасы белгіленіп, тиісті тұжырымдама қабылданған қалалардың ішінде бірінші болып Астана болды. Яғни Астана қаласының әкімдігі ел бойынша бірінші болып елорданы ақылды қалаға айналдыру міндеттін айқындады.

Олар:

Біріншісі, қауіпсіздік мәселесі.

Екіншісі, қалалық қызметтердің тиімділігі, көліктің қолжетімділігі.

Үшіншісі, қала тұрғындарына көрсетілетін қызметтердің сапасы мен ыңғайлылығы.

Бұл жобалар «Цифрландыру, ғылым және инновация арқылы технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы аясында дамыту жалғаса беретін болады. Қазір 2022-2024 жылға арналған орнықты және цифрлық «елорда» тұжырымдамасы әзірленуде.

Енді әлемдегі ақылды қалалардың тәжірибесіне тоқталсақ.

skylineuniversity.ac.ae

Әлемдегі ақылды қалалар

Өмір сүру саласының барлық аспектілері сенсорлармен басқарылатын әлемдегі ең ақылды қаланың бірі – Сингапур.

Мұндағы әрбір үйде қазірдің өзінде жоғары жылдамдықты интернет бар, әр екі тұрғынға үш смартфоннан келеді.

Жүргізушілер көліктің жүрісін бақылайтын навигациялық жүйені орнатуы тиіс.  Бұл елде ақылды қала жүйесіні дамуынан көлік кептесі орын алмайды. Көшелердегі арнайы сенсорлар қала атмосферасындағы ластаушы заттардың артық мөлшерін тіркеп, көлік ағынын автоматты түрде қайта бөледі. Бұл жүйе сингапурлық жүргізушілерге жылына 60 сағатқа дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сингапур үкіметі су шығынын оңтайландыруға мән беруде. Қалада бақылау камерасын кеңінен қолданудың арқасында қоғамдық қауіпсіздік жақсарып, қауіпсіз ел атануына септігі тиді.

Ақылды қала элементтерін енгізген Барселонада көлік кептелісін бақылайтын ақылды тұрақ пен қозғалыс жүйесін пайдаланып, энергияны үнемдеуге қол жеткізіп отыр. Барселона күн энергиясын белсенді пайдаланады.

Барселона гибридті автобустар паркімен, сондай-ақ жыл сайынғы жазылым немесе телефон төлемдері арқылы 400-ден астам велосипед станцияларына қол жеткізуге мүмкіндік беретін Bicing ақылды велосипед бастамасымен әлемдегі ең таза қоғамдық көлік жүйесінің біріне ие.

Лондон халқының саны артып келе жатқандықтан, инфрақұрылымдық мәселені тиімді шешуде ақылды қала элементтерін енгізуді құптайды. Лондон метросы әлемдегі ең үлкен метроның бірі. Өз схемасында шатастырмау үшін қалада жолаушыларға арналған бірнеше қосымша мен онлайн қызмет бар. Олар жерасты және көше көлігінің күрделі схемасын онлайын көрсетеді. Smart London жүйесінің арқасында жергілікті көлік басқармасы қала бағытын жоспарлап, лондондықтарға жөндеу жұмыстары мен басқа да төтенше жағдайлар туралы хабарлайды.

Статистикалық аналитикалық жүйе ең өрт қауіпті үйлерді анықтауға мүмкіндік береді. Қаланың әр аймағын модельдеу демографиялық, геологиялық және тарихи деректерді қамтитын 60 критерийден тұрады.

 

Нұрлат Байгенже
Бөлісу: