Миллион тұрғыны бар қалаларда жол кептелісі – күнделікті күйбең тіршіліктің басты проблемаларының бірі. Алайда қазір бұл мәселені технология мен жасанды интеллект көмегімен шешудің нақты тетіктері пайда болуда, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жол кептелісі – экономикалық сын-тегеурін
Кептелісте жоғалған әрбір сағат – бизнеске келетін тікелей шығын мен адамдардың жүйке тоздыруының себебі. Мысалы, Алматы, Астана секілді ірі қалаларда тұрғындардың үштен бірі жұмысқа жету үшін 40 минуттан астам уақытын жолда өткізеді. Көлік саны көбейген соң жолды кеңейту де мәселені толық шеше алмай отыр.
Классикалық әдістер – жаңа жолдар, жолайырықтар мен қоғамдық көлікті дамыту – әлі де маңызды. Бірақ олар жеткіліксіз. Себебі халық санымен қатар көлік саны өсуде. Ал көлік жүргізу көптеген адамдар үшін жайлылық пен еркіндіктің белгісі болып саналады. Одан қалды автобустардың өздері кептелісте тұрады.
Жасанды интеллект пен бейнеаналитика – жаңа шешім
Қазір жол қозғалысын реттеудің басты бағыты – ақылды бейнебақылау жүйелері. Заманауи камералар ереже бұзушылықты тіркеп қана қоймай, нақты уақытта көлік ағынын талдап, жолдағы жағдайды басқара алады.
Мұндай жүйелер:
Айталық, Мәскеуде жол қозғалысын басқару орталығы мамандары апатты жағдай кезінде бағдаршамды автоматты емес, «бейімделген» режимге ауыстырып, көліктердің қозғалысын реттей алады. Бұл деректер тек камералардан емес, жол астындағы датчиктерден де түседі. Бүгінде қаладағы 600-ге жуық қиылыста осындай «ақылды» жүйелер орнатылған.
Ғалымдар ұсынған «виртуалды детектор» әдісі әртүрлі бұрыштан түсірілген бейнелерден көліктерді дәл тануға мүмкіндік берді. Ал 2024 жылы Ресейде жол камераларын орнатудың бірыңғай стандарты бекітілді. Тиісінше Мәскеу айналма жолында 2021-2024 жылдары апат саны 20%-ға азайса, ал көліктердің орташа жылдамдығы 12%-ға артқан. Осылайша, алып шаһар әлемдегі ең кептелісі көп мегаполистер тізімінен шықты.
Экономика мен қалалық өмір үшін жаңа мүмкіндіктер
Интеллектуалды көлік жүйелері мәселенің салдарын емес, түпкі себебін жояды. Мысалы, ауыр жүк көліктерінің қозғалысын тиімді басқару арқылы жолды жеңілдетіп, логистиканы оңтайландыруға болады.
Бұған дейін Мәскеу билігі ауыр көліктерге қала орталығына кіруге тыйым салған еді. Бұл шешім кептелісті азайтқанымен, маркетплейстер мен жеткізу қызметтеріне қиындық туғызды, ал бұл өз кезегінде тауар бағасына кері әсер етті.
Бейнесараптама бұл мәселені «жасыл дәліз» жүйесі арқылы шешуге мүмкіндік береді – яғни ауыр көліктерге нақты уақытта жол ашылады. Бұл бизнеске жанармай шығынын 20%-ға дейін қысқартуға, автопарк тозуын азайтуға және жеткізу уақытын болжамдауға көмектеседі.
Технологияның әлеуеті зор
Жасанды интеллектке негізделген жол қозғалысын басқару жүйелері қазір тәжірибеден өткен, нақты нәтиже көрсетіп отырған құралға айналды. Олар қымбат көпдеңгейлі жолайырықтар салмай-ақ, көлік қозғалысын дәл және тиімді реттеуге мүмкіндік береді.
Бұл – win-win шешім:
қала тұрғындары үшін – қауіпсіз әрі ашық жолдар,
бизнес үшін – үнем мен болжамдылық,
ал қала үшін – экологиялық тиімділік пен теңгерімді даму.
Ақылды көлік жүйелері қаланың тынысын өзгертуде. Олар тек кептелісті азайтып қоймай, жаңа аудандардың дамуына, орталықтың жүктемесін азайтуға және қалалық өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.