Ақтөбенің 5 елді мекенін су басу қаупі бар

18 Сәуір, 01:20 574

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында жағаны нығайту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 
 
Ақтөбе облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау бөлімінің бас маманы Әсет Айтжановтың айтуынша, Ырғыз ауданы бойынша 5 елді мекенде: Мамыр, Нұра, Құйлыс, Жайсанбай, Белшер кенттерінде су басу қаупі бар.

Қазіргі уақытта Мамыр ауылында егу іс-шараларын өткізу кезінде ұзындығы 3 км, ені 4,5 м және биіктігі 2,5 м бөгет, Жайсанбай ауылында ұзындығы 3 км, ені 5 м және биіктігі 2,7 м бөгет салынды, Нұра ауылында ұзындығы 5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет нығайтылды, Құйлыс ауылында ұзындығы 2,5 км, ені 4 м және биіктігі 3,5 м бөгет, Белшер ауылында ұзындығы 1,5 км, ені 3,5 м және биіктігі 3 м бөгет тұрғызылды, жұмыстар жалғасуда, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл, Әйтеке би, Ырғыз аудандарында және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы 7 табиғи сипаттағы ТЖ жарияланған.

Перизат Саденова
Бөлісу: