23.04.2024
11:21
1572

Ақтөбеліктер Олимпиада жолдамасын иеленген балуанға көлік сыйлады

Ақтөбеліктер еркін күрестен Париж Олимпиадасына жолдама алған Юсуп Батырмурзаевты күтіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жерлестері Юсуп Батырмурзаевқа автокөлік пен 5 мың АҚШ долларын табыстап, ал оның жеке бапкері Бауыржан Нұрмахановқа 5 мың АҚШ долларын берді.

Юсуп Батырмурзаев Ресейдің Дағыстан Республикасында туғанымен, 2013 жылдан бері Қазақстан атынан күресіп жүр.

Ал Бішкекте өткен лицензиялық турнирде ол 125 келіде өнер көрсетіп, жолдаманы қанжығасына басты.