Ақтөбелік жігіт автобусқа өзінің QR-кодын жабыстырып, жолақысын алып отырған

1 Сәуір, 10:34 13853

Ақтөбеде 19 жастағы жігіт қоғамдық көлікке ақы төлегендердің ақшасын өзіне басып қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік полиция департаментінің мәліметінше, 19 жастағы жігіт принтер арқылы өзінің QR кодын шығарып, автобустың әйнегіне жабыстырып, осылайша жол ақысын өзіне алған. Бір сағаттың ішінде қанша шығын келтірілгенін полицейлер анықтап жатыр.

Аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ полиция департаменті мұндай құқықбұзушылық қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін еске салады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: