Ақтөбелік құтқарушыларға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды

16 Желтоқсан, 20:46 300

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Әрінов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ТЖ департаментінің қызметкерлеріне жаңа пәтерлердің кілттерін табыс етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен іске асырылып жатқан Азаматтық қорғау органдарының өрт сөндірушілері, құтқарушылары және әскери қызметшілерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдарламаның маңызды бөлігіне айналды.

Жаңа тұрғын үй алғандардың қатарында радиотелефоншылар, өрт сөндіруші-құтқарушылар, жүргізуші-нұсқаушылар, бөлімше командирлері және авариялық-құтқару қызметтерінің қызметкерлері бар.

Қызметкерлер тұрып жатқан жаңа тұрғын үй кешені Есет Батыр шағын ауданында салынды. Үш қабатты үйдегі барлық пәтерлер газдандырылған және әрі қарай жаңа қоныстанушыларға үй-жайларды өз қалауы бойынша жөндеу жұмыстарын жасауға дайын күйінде берілді.

Шыңғыс Әрінов жаңа қоныс иелерімен жеке кездесіп, олардың қажырлы еңбектері үшін алғысын білдірді.

Президенттің тұрғын үй жағдайын жақсарту мәселесі, оның ішінде пәтер алу мүмкіндігін қолдауы құтқарушыларға сенімділік пен мотивация береді. Бұл оларға батылдық пен табандылықты қажет ететін өз жұмыстарына ерекше көңіл бөлуге мүмкіндік береді, — деп ТЖМ басшысы атап өтті.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қызметкерлер үшін жаңа пәтерлер берудің маңыздылығын атап өтті.

Біз құтқарушыларымыз үшін қолайлы жағдай жасай алатынымызды мақтан тұтамыз. Бұл олардың еңбегін мойындау ғана емес, сонымен қатар өңір тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғаудағы күнделікті жұмысы үшін алғысымыз, — деді Асхат Шахаров.

Сонымен қатар әлеуметтік бағдарламаны іске асыру аясында жаңадан ашылған № 25 өрт сөндіру бөлімінің аумағында орналасқан жаңа қызметтік жатақханада алты пәтер берілді. Жатақхана аумағында балалар алаңы бар, көшеге жарық жүргізілген, яғни қызметкерлер мен олардың отбасыларына барлық қолайлы жағдай жасалды.

Зарина Арман
Бөлісу: