Ақтөбелік әйел көпқабатты тұрғын үй балконынан секіріп кетпек болды

Ақтөбелік әйел көпқабатты тұрғын үй балконынан секіріп кетпек болды

Ақтөбелік әйел көпқабатты тұрғын үйдің балконынан секірмек болды. Жергілікті тұрғынды патрульдік полицейлер құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Бұл туралы полицияға куәгерлердің бірі хабарлаған. Тәртіп сақшылары шақырту бойынша оқиға орнына дереу жеткен.

Пәтерге кіргенде аға лейтенант Әмірбек Каиров әйелдің ойын бөліп, қауіпті әрекетке жол бермеді. Сол уақытта әріптесі, полиция аға лейтенанты Нұрсұлтан Зейнуллаев шұғыл әрекет етіп, әйелді балконнан қауіпсіз жерге түсірді.
Тұрғынға дер кезінде медициналық көмек көрсетіліп, қазіргі уақытта оған қажетті психологиялық қолдау ұйымдастырылды,-деп атап өтті полициядан.