31.03.2023
21:53
1384
Ақтөбеде жүз келіден астам есірткі тәркіленді

Ақтөбеде жүз келіден астам есірткі тәркіленді

Ақтөбе қаласындағы гараж кооперативтерінің бірінде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен облыс орталығының 40 жастағы тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тінту іс-шаралары барысында 5 қап (100 кг.), ерекше иісі бар жасыл түсті өсімдік заты бар 170 дана сіріңке қорабы (болжам бойынша марихуана), 200 дана пластинка (болжам бойынша гашиш) және жеке тінту кезінде 1 350 000 теңге табылды және тәркіленді.

Осы факті бойынша ҚК-нің 297-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Қазіргі уақытта тінту шаралары жалғасуда.