23.01.2025
09:05
857
Ақтөбеде жолда қалған 82 шетел азаматы құтқарылды

Ақтөбеде жолда қалған 82 шетел азаматы құтқарылды

Жолаушылар автобусы Шымкенттен Ресейге бара жатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ мәліметінше, Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тасжолында Шымкент қаласынан  Ресей Федерациясына бара жатқан автобустан ақау шығып, жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінген.

ТЖМ қызметкерлері 82 жолаушы (Өзбекстан, Тәжікстан және РФ азаматтары), оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді, - делінген мәліметте.

Зардап шеккендер жоқ.