Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан шетел азаматтары көз жұмды

30 Қазан 2023, 13:39 1078

Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан шетелдік азаматтар көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция мәліметінше, 29 қазанда Самара – Шымкент автожолының 606-шақырымында Kia Rio автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі, Тәжікстан Республикасының азаматы Батыс Қазақстан облысы жағынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматының басқаруындағы Chevrolet Captiva автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші және Chevrolet Captiva жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ екі көлік құралының екі жолаушысы әртүрлі жарақаттармен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция департаменті көлік жүргізушілерін жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Равиль Ашығали
Бөлісу: