11.12.2023
03:38
1432
Ақтөбеде жоғалып кеткен үш қыз аман табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен үш қыз аман табылды

Ақтөбеде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тересін сындырып, қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Aikyn.kz-ке сілтеме жасап.  

8 желтоқсан күні "Аяла" бейімдеу орталығынан үш кәмелетке толмаған қыздар Манар Мырзакенова, Әмина Тезекбаева және Жұлдызай Дошонова қашып кеткен болатын. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды жалдамалы пәтерден тапты. 

Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған еді.