Ақтөбеде полиция 20-дан астам тұрғынды сан соқтырған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицияға алаяқтың құрбаны болған азаматтар жүгінді. Ол заңгерлік қызмет көрсету сылтауымен 22 ақтөбеліктің ақшалай қаражатын иемденген. Адвокаттың ақысын төлеген адамдар ешқандай көмек алмаған. Қазіргі уақытта 22 жәбірленуші анықталды, жалпы шығын 10 миллион теңгеге жуық. Полицейлер 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады.
Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.