23.10.2024
07:30
1269
Ақтөбеде жанып жатқан шөп сөндірілді

Ақтөбеде жанып жатқан шөп сөндірілді

Ақтөбеде 400 бума шөп өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға Алматы ауданындағы шаруа қожалықтардың бірінде болған. Қызыл жалын аумағы - 200 шаршы метр. Оқиға орнына дереу жеткен төтеншеліктер өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталуда.

ТЖМ шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін еске салады.