04.02.2023
16:00
1710
Ақтөбеде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды

Ақтөбеде зейнеткерді тонап кеткен ер адам ұсталды

Белгісіз ер адам 68 жастағы зейнеткерді артынан итеріп, ішінде банк карталары, жеке куәлік пен 50 мың теңге ақша бар сөмкені ұрлап кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жедел іс-шаралар барысында 28 жастағы күдікті ұсталды.

Ол ақшаны өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген.

ҚР ҚК 191-бабының 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті УҰИ-на қамалды.