Ақтөбе полицейлері велосипед ұрлаған күдіктіні “ізін суытпай” құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция дерегінше, 4 тамыз сағат 20:00 шамасында Ақтөбе қаласында көппәтерлі үйдің кіреберісінен МТ Wolf велосипеді ұрланған. 45 жастағы велосипед иесі келтірілген залалды 55 мың теңгеге бағалады.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында 45 жастағы күдіктіні “ізін суытпай” анықтап, ұстады. Ұрланған велосипед иесіне қайтарылды.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция департаменті ұрлықтан қорғаудың жалғыз кепілдендірілген әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау екенін еске салады.