28.08.2023
16:10
1119
Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды

Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды

Жедел басқару орталығының камералары құрамында Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Huindai автомобильдері болған үйлену тойы кортежінің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеді. Бұл туралы ҚР ІІМ-ге сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 612-бабы, 602, 606, 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.