Ақтөбеде үй өртеніп, екі адам көз жұмды

18 Мамыр, 09:28 779

Ақтөбе облысында ірі өрт орын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше, оқиға мамырдың 18-іне қараған түні Мәртөк ауданының Достық ауылында жеке тұрғын үйде болған.

Оқиға орнында өртті сөндіру барысында 1955 және 1958 жылы туған екі адамның денесі табылды.

Облыстық ТЖД құтқарушыларының күшімен қызыл жалын сөндірілді. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Төтеншеліктер азаматтарды тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: