20.04.2025
16:23
868
Ақтөбеде ТЖМ құтқарушылары 40 астам адамды эвакуациялады

Ақтөбеде ТЖМ құтқарушылары 40 астам адамды эвакуациялады

Бүгін Ақтөбе қаласы Астана ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінде пәтер иелерінің кооперативі кабинетінде өрт болып, ішіндегі электр қалқаны жанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ күшімен түтін басқан аймақтан баспалдақ маршымен 7 адам құтқарылып, 35 адам эвакуацияланды. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, шығу себебі анықталуда.

ТЖМ азаматтардан тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.