04.06.2025
21:14
1740
Ақтөбеде тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

Ақтөбеде тұрғын үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты

4 маусым күні Ақтөбедегі Абай даңғылындағы тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

«Диапазон» басылымының жазуынша, оқиға №24/1 үйдің төртінші қабатында болған.

Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты. Кемінде екі пәтер қираған, үйдің тұрғындары эвакуацияланды.

Оқиға орнына құтқарушылар, медицина қызметкерлері мен полиция шұғыл жетті. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр, жарылыстың себептері анықталуда.