19.10.2024
20:05
1034
Ақтөбеде тұрғын үйде өрт шығып, 21 адам эвакуацияланды

Ақтөбеде тұрғын үйде өрт шығып, 21 адам эвакуацияланды

Ақтөбеде көпқабатты тұрйғын үйде өрт шықты Оқиға Бөкенбай батыр көшесінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

9 қабатты тұрғын үйдің 2 және 3-қабаттарындағы электр қалқанында электр сымдары жанған.  

Шақырту бойынша мекенжайға дереу жеткен өрт сөндірушілер түтін аймағынан баспалдақ маршының және үш иінді сатының көмегімен 21 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ.