Ақтөбеде трансформаторлар ұрлап, оларды көрші елге сатқандар ұсталды

13 Тамыз, 09:41 440

Ақтөбелік полицейлер трансформаторлар ұрлығын ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР ІІМ мәліметінше, полиция жүргізген жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінде құрылыс нысандарының аумағынан электр қуатының тоғыз трансформаторын ұрлады деген күдікпен Ақмола облысының екі тұрғыны ұсталды. Келтірілген шығын көлемі 15 млн теңгеден асады.

Күдіктілер трансформаторларды манипуляторға тиеп алып кеткен. Көп ұзамай Қарағанды қаласына жеткізіп, көрші елдің азаматтарына сатып жіберген. Тоғыз трансформатор тиелген жүк көлігін жедел қызметкерлер Қырғыз Республикасымен шекаралас жерде тоқтатты, - делінген мәліметте.

Ұрлық дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Екі күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: