Ақтөбеде тіркеуде жоқ жалға берілген 123 пәтер анықталды

6 Қыркүйек 2023, 14:39 839

Ақтөбе облысында учаскелік полиция инспектолары салық органдарында тіркеуде жоқ жалға берілген 123 пәтерді анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

14 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Ақтөбе облысы аумағында “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді. Мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау, қылмыстардың жолын кесу және халықпен тығыз сенімді қарым-қатынас орнату.

Аталмыш іс-шараның барысында учаскелік полиция инспекторлары жалдамалы пәтерлерді тексеруді жүзеге асырып, салық органдарында тіркеусіз жалға берілген 123 пәтерді анықтады. Барлық фактілер бойынша салық басқармасына хабарламалар жолданды. Базарлар және басқа да сауда орындары тексерілді.

Тұрғылықты жері жоқ 16 адам ұсталды. Барлығы 300-ден астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені және мас күйінде жүргені үшін – 250, ұсақ бұзақылық үшін – 150. ІІО есебінде тұрған 700-ден астам адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Равиль Ашығали
Бөлісу: