503.15
543.3
5.93

Ақтөбеде су тасқынына қарсы шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр

Ақтөбе облысы әкімдігі
26 Наурыз, 19:00 605

Ақтөбе облысындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен 20982 әскери бөлімінің қызметкерлері Ырғыз ауданындағы Ырғыз, Құйылыс, Мамыр және Жайсанбай елдімекендерінде тасқын судың алдын алу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. 

Әкімдіктің мәліметінше, кеше бұл елдімекендерде 3450 дана қапшық пен 1000 дана инертті материал төселді.

Барлық жұмыстар су тасқынының салдарын барынша азайтуға және елді мекендерді қорғауға бағытталған. Құтқарушылар жағдайды тұрақты бақылауда ұстап отыр.

 

Асқар Таудай
Бөлісу: