Ақтөбеде спорт мектебіне бөлінген миллиондаған қаржы құмар ойынға жұмсалған

11 Қазан, 18:30 437

Ақтөбе облысы прокуратурасы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің басшылары спорт алаңдары мен залдарды жалға беру қызметі үшін, әуесқой спорт командаларынан алынған бюджетке түсуі керек қаражатты негізсіз жымқырғаны анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы үш жылда Ақтөбе облысында кәсіби клубтарды дамытуға арналған шығыстар 2 есеге ұлғайтылған, облыстан республикалық және халықаралық жарыстарға дайындалуға және қатысуға бюджеттен 13 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. 

Спорт мектептерінің директорлары 6 миллион теңгеден астам қаржыны өз қажеттіліктеріне, соның ішінде букмекерлік кеңселерде бәс тігуге жұмсаған. "Ақтөбе" футбол клубының командасына әуебилетін бірнеше делдал арқылы 165 миллион теңгеден астам сомаға жоғарылатылған бағамен сатып алу фактілері анықталды, – деп хабарлады прокуратура.

Аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі "Бөтеннің сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденіп алу немесе жымқыру" бойынша үш сотқа дейінгі тергеу басталды.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: