23.02.2023
14:09
1169
Ақтөбеде қызметкер кәсіпорыннан 130 метр кабель ұрлаған

Ақтөбеде қызметкер кәсіпорыннан 130 метр кабель ұрлаған

22 ақпан Хромтау ауданы полицейлері Көктау ауылын патрульдеу кезінде 50 жастағы жүргізушінің басқаруындағы Hyundai Tucson көлігін тоқтатқан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тексеріс кезінде багаждан ұзындығы 130 оралған мыс кабелі табылды. Ол бұрын бір ЖШС қоймасынан жасырын ұрланған. Күдіктінің өзі осы ЖШС механигі болып жұмыс жасайтыны анықталды.

ҚР ҚК 188-бабы 2-бөлігі "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.