18.08.2023
19:36
1193
Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

18 тамыз күні жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің  7-ші қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты.

Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды.

Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады.