Ақтөбеде психикалық ауытқуы бар әйел жоғалды

26 Тамыз, 14:10 527

Ақтөбеде 40 жастағы Толғанай Молдағалиева жоғалып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әйел 23 тамызда таңғы сағат 4-те жалаң аяқ үйден шығып кетіп, әлі күнге дейін оралмаған. Ол психдиспансерде есепте тұрады. Еріктілер қала тұрғындарынан іздеуге көмек сұрады.

Іздеуге еріктілер, ТЖД, полиция жұмылдырылған. Толғанай Молдағалиева қоңыр көйлек киген.

Әйелді көрген, орналасқан жері туралы ақпарат білген жағдайда 102 немесе 8 707 881 20 98 нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: