23.02.2025
14:42
914
Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді

Ақтөбеде полиция мыңға жуық көлікті алып жүрді

Ақтөбе облысында полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылауға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысы ПД патрульдік полиция инспекторлары жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, 1000-ға жуық көлікті алып жүрді.

Полицейлер жүргізушілерге ауа райының қолайсыздығын ескеріп, көліктің техникалық жай-күйін тексеруді және қатты боран кезінде жолға шықпауға кеңес береді.