Ақтөбеде төтеншеліктер қызметкерлері өрт кезінде 40-тан астам адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға Гришина көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде болған. Аталған үйдің бірінші қабатында электр қалқаншасы жанған.
Өрт тез арада оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өртті сөндіру барысында ТЖМ күштерімен 3 бала құтқарылып, 42 адам эвакуацияланды.
Зардап шеккендер жоқ.