Ақтөбеде оқу-жаттығу кезінде тікұшақ апатынан бір адам қаза тапты

9 Қараша, 12:49 477

Ақтөбе облысында оқу-жаттығу кезінде Қорғаныс министрлігіне қарасты тікұшақ апатты жағдайда қонып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

ТЖМ мәліметінше,  9 қарашада сағат 11:40-та 112 нөміріне Мәртөк ауданы Сарыарқа ауылының маңында тікұшақтың қатты қарқынмен қонғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына ТЖД жеке құрамынан 23 адам мен 5 техника жіберілді. Құтқарушылар өртті жойды. МИ - 8 тікұшағының бортында 3 адам болған. Олардың біреуі қайтыс болды. Зардап шеккен екі адам Ақтөбе қаласына жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. 

Қорғаныс министрлігінің мәліметіне сүйесек, Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды. Авиациялық оқиғаның алдын-ала себебі - техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: