Ақтөбеде облысында болған тікұшақ апатының себебі аталды

14 Қараша, 11:55 422

Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев Ақтөбеде облысында болған тікұшақ апатының алдын ала себебін атады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Вице-министрдің сөзінше, апатқа техникалық ақау себеп болуы мүмкін.

Апаттан көз жұмған әскеридің отбасына көңіл айтамыз. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс тағайындалған. Қандай жағдай болғаны анықталып жатыр. Апатқа қатысты әртүрлі нұсқа айтылып жатыр, бірақ соның ішіндегі ең негізгісі – техникалық ақау, – деді Жазықбаев.

Айта кетейік, 9 қарашада Ақтөбе облысында әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, бір адам қайтыс болды. Тағы екі адам жарақат алған.

Апаттан 1988 жылы туған Әуе қорғанысы күштері әскери институты авиациялық эскадрильясының офицер-нұсқаушысы майор Батыр Қайратұлы Оразымбетов қайғылы жағдайда қаза тапқаны белгілі болды. 

Мадина Асылбекова
Бөлісу: