29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары7 тамыз күні сағат 12:16-да 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданының Ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан Alefun мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
№ 2 шақырту рангі жарияланды. Өртті сөндіруге 48 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды. Шақырту орнына барған кезде мейрамхананың шатыры өртеніп жатқаны анықталды, - делінген хабарламада.
Өрт сөндірушілер өрттің басқа ғимараттар мен үйлерге таралуына жол бермеді.
Мейрамхана жанында орналасқан балабақшадан 40 адам, оның ішінде 35 бала эвакуацияланған.
Өрттің аумағы 280 шаршы метрді құрады. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 13:06-да сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Ақтөбе облысы ТЖД өрт қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек