18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ақтөбеде мемлекеттік қызметшілерге арналған кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы ашылды, деп хабарлайды El.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Орталық Ақтөбе облысы әкімдігінің ғимаратында орналасқан.
Оның салтанатты ашылу рәсіміне Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов, сондай-ақ мемлекеттік, банк мекемелері мен қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.
Бұл жобаның басты ерекшелігі – мемлекеттік бюджеттен бірде-бір ақша бөлінбеген, мұның бәрі кәсіподақ қаражаты есебінен жасалды. Мұндай кабинеттер миды тынықтыруға, аз болса да, түскі уақытта демалуға және әріптестерімен жақсы уақыт өткізуге пайдалы, - деді құттықтау сөзінде Мирболат Жақыпов.
Орталық «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының қолдауымен ҚР Кәсіподақтар федерациясы ұйымдастырған «Халық бюджеті-2022» байқауы аясында ашылды. Байқау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы әкімі аппаратының бастауыш кәсіподақ ұйымы «Кәсіби өзін-өзі дамыту орталығы» жобасының жеңімпазы атанған.
Бұл мемлекеттік қызметшілерге жұмыс уақытынан тыс уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Кабинетте әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып, зияткерлік ойындар, өзін-өзі жетілдіру бойынша тренингтерге қатысуға, психологпен кеңесіп, кітап оқып, танымдық фильмдер көруге мүмкіндік бар.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр