Ақтөбеде лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды

1 Маусым, 01:32 925

Ақтөбеде облысында лауазымды тұлғалар қатаң жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыс прокуратурасы 40-тан астам кәсіпкердің жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту туралы өтініштерін қарауды негізсіз кешіктіруге байланысты бизнестің жүйелі проблемасын анықтаған. Мәселен, «Демеу Проект» ЖШС жергілікті атқарушы органға жер телімін жалға беру мерзімін ұзарту туралы өтініш берген. Ал Алға ауданы әкімдігі бұл мәселені бір айдан кейін ғана жер комиссиясының қарауына жолдаған.

Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы өтінішті қабылдау қағидаларының 4 және 6-тармақтарына сәйкес жер учаскесін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі 7 күн ішінде және жер комиссиясының шешімінсіз қаралады.

Ақтөбе облысы прокуратурасының араласуынан кейін 40-тан астам кәсіпкердің құқығы қорғалып, әкімдікте жер телімдерін жалға беру мерзімін ұзарту мәселесі заңда белгіленген мерзімде қаралды. Қазіргі таңда прокурорлық қадағалау шаралары арқылы бұл тәжірибе жойылып, лауазымды тұлғалар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-делінген прокуратура мәліметінде.

Перизат Саденова
Бөлісу: