16.09.2023
12:20
1247
Ақтөбеде лаңкестікті насихаттаған екі тұрғын ұсталды

Ақтөбеде лаңкестікті насихаттаған екі тұрғын ұсталды

Қыркүйек айының алғашқы онкүндігінде Ақтөбе қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитеті полицияны жұмылдырумен радикалды діни топ мүшелері ұсталды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Арнайы шара кезінде лаңкестікті насихаттау бойынша күдікпен еліміздің екі азаматы ұсталған. Олардың тұрғылықты мекенжайлары бойынша экстремистік мағынадағы әдебиеттер мен басқа куәлік заттар тәркіленіп отыр. 

Қазіргі уақытта аталған материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне Қылмыстық кодекстің 256-бабы 2-бөлігі бойынша тіркелген. 

Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.