Ақтөбеде итті теуіп, аяусыз пышақтаған балаға қатысты мән-жай анықталды

3 Қараша, 16:20 546

Ақтөбеде итті жіпке байлап, теуіп, аяусыз пышақтап өлтірген баланың ісін комиссия қарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық білім басқармасы баланың бұған дейін де мектепішілік есепте тұрғанын мәлім етті.

Тергеу амалдары аяқталған соң, Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия отырысына шығарылады. Психологтар сауықтыру жұмысының жоспарын дайындап қойды. Жоспар аясында балаға психологиялық қолдау көрсету, агрессивті мінез-құлқын түзету және әлеуметтік бейімделуіне көмектесу шаралары қарастырылған. Сонымен қатар, ата-анасымен бірлескен кеңестер өткізіп, отбасы жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі де оқушының білім алуына және тәртібін қадағалауға ерекше назар аударатын болады. Екінші бала да назарда болады. Немқұрайлы болмас үшін тәрбиелік, психологиялық жұмыстар жүргізіледі, - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: