08.12.2022
06:20
1580
Ақтөбеде газ баллон жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбеде газ баллон жарылып, екі адам зардап шекті

Ақтөбе облысында газ баллон жарылып, екі адам қатты зардап шекті, деп хабарлайды El.kz облыстық ТЖД сілтеме жасап.

Оқиға облыстағы Шұбарши ауылында орын алған. Зардап шеккендердің бірі жүкті әйел болып шықты.

ТЖ түнде болған. ТЖД қызметкерлері газ қазандығының атылғанын анықтады. Үйді жалын шарпымаса да, газ құрылғысы жарылу кезінде 84 шаршы метр аумақтағы үйдің қабырғалары бүлінген.