Ақтөбеде ер адам автобус ішінде жолаушыны ұрып кеткен

25 Қыркүйек 2023, 09:23 1609

Ақтөбеде қоғамдық көілктердің бірінде ер адам автобус ішінде жолаушыны ұрып, терезеден шығып, қашып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Әлеуметтік желіде әйел күйеуін белгісіз ер адамның ұрып кеткенін айтқан. Әйел жүргізушіден есікті ашпауын талап етіп, полицияға қоңырау шалыпты. Бірақ ер адам терезеден шығып қашып кеткен.

Полиция көп ұзамай 40 жастағы күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізген. Бейнеүндеу жариялаған ер адам жолаушымен арада жанжал болғанын, кейін оны ұрып жібергенін айтыпты. Күдікті өз әрекеті үшін кешірім сұрады. 

Қазір "Қылмыстық кодекстің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: