29.10.2022
12:49
1814
Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікпен тағы үш адам ұсталды

Ақтөбеде екі кісіні өлтірді деген күдікпен тағы үш адам ұсталды

Ақтөбе қаласында екі кісіні өлтірді деген күдікке ілінген тағы үш адам елордада ұсталды, деп хабарлайды El.kz.

"28 қазан күні Астана қаласы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Бөгенбай батыр даңғылындағы үйдің ауласынан үш күдіктіні ұстады", - делінген полицияның хабарламасында.

Олар Ақтөбеде екі кісіні өлтіргені үшін қылмыстық қудалаудан елордада жасырынып жүрген.

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын. Кеше Ақтөбеде облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.

Аталмыш факті бойынша жалпы 13 адам ұсталды.