29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтөбеде екі азамат кәсіпкер әйелді тонамақ болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тамыз айының соңында Кірпішті тұрғын қалашығында белгісіз екі жігіт кәсіпкер әйелдің ақшасын ашық түрде тартып алмақ болған. Тонау әрекеті сәтсіз аяқталғаннан кейін күдіктілер қылмыс болған жерден қашып кеткен.
Бейнекамералардың көмегімен және жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Сотқа дейінгі тергеу барысында аталған адамдар өз кінәсін толық мойындады және олар қылмыс жасаудан бірнеше күн бұрын үйді, елді-мекенді суретке түсіру арқылы қылмыс жасауға алдын ала дайындалғанын көрсетті.
Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 24-191-бабы (Тонауға дайындалу және тонауға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта күдіктілер Ақтөбе қалалық ПБ-ның уақытша ұстау изоляторына қамалды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек