05.05.2024
22:25
1158
Ақтөбеде екі адамның денесі табылды

Ақтөбеде екі адамның денесі табылды

Ақтөбе қаласында саяжай аумағындағы үй өртеніп, екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе қаласы Астана ауданы Дорожник бау-бақша ұжымында үй мен шаруашылық бөлмесі өртенді. Ауданы - 73 шаршы метр.

Өрт сөндіру кезінде екі адамның денесі табылды. Өрт сөндірушілер үйден 8 газ баллонын шығарды,- деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданя ТЖБ бастығы Аслан Арзымбетов.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 92 өрт тіркеліп, 6 адам көз жұмды. Өрттің көбі тұрғын үй секторында болды. Материалдық шығыны 46 млн теңгеге жеткен.