Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген 3 күдіктіні ұстаған болатын.
"Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елдімекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды. Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", деп хабарлайды Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі.
Айта кетсек, 2022 жылы 26 қазанда Ақтөбеде Нокин көшесінде орналасқан монша кешеніне қарама-қарсы Елек өзенінің жағасынан белгісіз екі адамның денесі табылды.