Ақтөбедегі көпқабатты үйлердің бірінде Димаш Құдайбергеннің муралы пайда болды, деп хабарлайды El.kz.
Әншінің муралын Q88 урбанистер ассоциациясы мен Almaty Creative командасы бірлесіп салған. Мурал ашық түсті, шынайы шыққан, әрі Димаштың қолтаңбасы салынған.
"Суретшілер муралды салу кезінде граффитиге арналған аэрозольді сырларды пайдаланды. Олар кез-келген ауа-райына шыдас береді. Муралдың биіктігі 18 метрге жуық," - дейді жобаның бастамашылары.