Оқиға Бөкенбай батыр көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болған. 5-қабаттағы ашық терезенің алдында тұрған кішкентай қызды көршісі байқап қалған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Көрші әйел дереу 112-ге хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар автосаты арқылы терезеге көтеріліп, баланы қауіпсіз жерге түсірді. Олар бар болғаны бірнеше минуттың ішінде қызды құтқарып, қайғылы жағдайдың алдын алды.
Құтқарушылар ата-аналарға ескертеді:
• балаларды қараусыз қалдырмаңыздар;
• терезелерге арнайы бекіткіштер мен қауіпсіздік құрылғыларын орнатыңыздар;
• балаларға үйде қауіпсіздік ережелерін түсіндіріңіздер.