Ақтөбедегі бірнеше аудан жылусыз қалды, деп хабарлайды El.kz «Aqtobesy-energy group» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 12 шағын ауданындағы және Болашақ, Кеңдала көшелеріндегі бірнеше тұрғын үйлерге жылу және ыстық су беруді уақытша шектелген.
Оның себебін мамандар 12 шағын аудан, 26 үй маңындағы бекіту арматурасында апаттың орын алуымен байланыстырып отыр.
Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін коммуналдық қызмет қалыпты режимде беріледі, - делінген компания таратқан хабарламада.