Ақтөбеде бір сәтте 1000 кәсіби күйші домбыра тартты

2 Шілде 2023, 12:47 1093

Ақтөбеле домбына күніне арналған игілікті шара қала бойынша «Қазақ еліне мың алғыс» стелласының алдындағы алаңда кең ауқымда аталып өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Оған облыс әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Жайлау Асылханов, Мәдениет үздігі Талап Хамзин, «Құрмет» орденінің иегері Бақытбек Зейнелов, Құрманғазы Асылханов қатысып, қала тұрғындары мен қонақтары концерттік бағдарламада мәдениет қайраткерлерінің орындауындағы күйлерді тыңдап, театрландырылған қойылымдарына куә болды. 

Облыстық филармонияның камералық оркестрі ұсынған халық эпостары мен поэмаларын тыңдады. Бір мезетте 1000 кәсіби күйші ұлттық аспапқа деген сүйіспеншілігін жеткізді. Қазақтың көрнекті композиторларының өлмес шығармаларын орындаған сәтте, ұлы даланың дыбысы бүкіл облыс орталығында естілген. 

«Адай», «Сарыарқа», Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын», Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым», Ахмет Жұбановтың «Би күйі» күйлері орындалды. Сондай-ақ, мерекелік шаралар облыстың барлық аудандарында жалғасын тапты. 

Асқар Таудай
Бөлісу: