05.03.2023
13:55
1651
Ақтөбеде бес оқушы отырған көлік апатқа ұшырады

Ақтөбеде бес оқушы отырған көлік апатқа ұшырады

Ақтөбе облысында ЖКО салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмып, төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап. 

4 наурыз күні сағат 20:55 шамасында Шалқар автожолының 4-ші шақырымында Toyota Land Cruiser автокөлігін басқарған жеткіншек рөлді басқара алмай, көлікті аударып алған. Белгілі болғандай, жасөспірім ағасының көлігін сұраусыз алған.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер балаларға көлікті басқаруға жол бермеуді сұрайды.

Шалқар ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары Нариман Мухтаров.