Ақтөбеде белгісіз адам жеке үйлердің біріне басып кіріп, бойжеткенді кепілге алған. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
@aktobe_live паблигінің жазуынша, оқиға орнына барлық жедел қызметтер шұғыл жеткен. Аумақ қоршауға алынды.
Аталған фактіні полиция растады.
102 пультіне жеке үйлердің біріне белгісіз адамның кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер шұғыл жетіп, аудан қоршауға алынды. Оқиға орнында Полиция департаментінің бастығы мен қала прокуроры келіссөздер жүргізіп жатыр, – делінген ведомство мәліметінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram