Ақтөбеде базар маңынан жаңа туған сәби табылды

30 Қыркүйек 2023, 10:20 1835

Ақтөбедегі орталық базар ауданындағы шайханада жаңа туған бала табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Оқиға орнына келген ювеналдық полиция бөлімінің қызметкерлері таңертең сағат 10.00-де бейтаныс қыздың 3 апталық нәрестені шайханаға тастап кеткенін анықтады. Қыз шайханадағы әйелге барып ақша алып келгенше балаға бірнеше минут қарай тұруын өтінген. Кешке дейін күткен әйел баланы тастап кеткен қыз келмеген соң полицияға қоңырау соққан.

Нәресте полиция бөліміне жеткізіліп, жедел медициналық бригада шақырылды. Дәрігерлердің айтуынша баланың жағдайы бір қалыпты. Ақтөбе қаласы №3 ҚПБ ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Жаннур Абдоллаева баланың жаялықтарын ауыстырып, тамақтандырып, сәбилер үйіне жеткізді.

Асқар Таудай
Бөлісу: