Ақтөбеде бәйгеден Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі өтті

15 Шілде, 03:32 827

Ақтөбедегі ипподромда бәйгеден Қазақстан чемпионатының кезекті кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Байрақты бәсекеге Астана, Ақтөбе, БҚО, Жамбыл, Маңғыстау облыстарының шабандоздары қатысып, Құнан бәйге, Топ бәйге және Аламан бәйгеден бақ сынасты.

Қазақстанда ұлттық спорт түрлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Ел Президентінің қолдауымен қыркүйек айында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ақтөбе облысында жыл сайын ұлттық спорт түрлеріне қызығушылық танытатын адамдар саны артып келеді. Олардың ішінде ең танымал түрлері: тоғызқұмалақ, асық ату, жекпе-жек, қазақ күресі, бәйге және т.б спорт түрлері. Соның ішінде, ең көп таралған спорт түрі - ат спорты. Осы бағытта жұмыс істейтін спорт мектептерінде балалар мен жасөспірімдер оқытылуда. Бұл бағыттағы жұмыстарды әрі қарай біз жалғастыра береміз. Біз ұлттық спорт түрлерімен шұғылдануды насихаттай отырып, жастарымызды қазақи дәстүрге тәрбиелеп, сол арқылы рухани құндылықтарымызды сақтаймыз, - деді облыс әкімінің орынбасары дүбірлі доданың ашылуында. 

Құнан бәйгеде Ақтөбе облысынан «Қарашық» (Мерей Гариполлин) жеңіске жетті. Топ бәйгенің бірінші орны да Ақтөбе өңірінен «Айқасқа» (Мерей Гариполлин) бұйырды. Аламан бәйгеде астаналық «Нарбудан» (Бағжан Айдаралы) жеңімпаз атанды.

Зарина Арман
Бөлісу: